Түркиядағы жер сілкінісі: екі провинциядан басқа жерде құтқару жұмыстары аяқталды

0
796

Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты.


Түркиядағы жер сілкінісі: екі провинциядан басқа жерде құтқару жұмыстары аяқталды

ERNUR.KZ. Түркияның екі провинциясынан басқа барлық жерде күшті жер сілкінісінен кейінгі құтқару жұмыстары аяқталды, деп жазады tengrinews.kz.

Түркия төтенше жағдайлар агенттігі мәліметінше, апат ошағы, Кахраманмараш пен Хатайда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасады.

Апаттар салдарын жою агенттігінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер іздеу-құтқару жұмыстары екі провинциядағы 40-қа жуық ғимаратта жалғасып жатқанын айтты.

Түркияда 345 000-ға жуық пәтер қирап, көптеген адам із-түзсіз жоғалып кеткен деп саналады.

Еске салайық, бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асқаны хабарланған болатын.