Twitter-де жаппай қысқарту басталды

0
648

Twitter компаниясының басшылығы қызметкерлерге қысқарту болатыны туралы ресми хабарламамен электрон хаттар жіберген.


Twitter-де жаппай қысқарту басталды

ERNUR.KZ. Twitter әлеуметтік желісінің жаңа иесі миллиардер Илон Маск компанияда жұмысшыларды жаппай қысқарту басталғанын хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Twitter компаниясының басшылығы қызметкерлерге қысқарту болатыны туралы ресми хабарламамен электрон хаттар жіберген. Шетелдік БАҚ сілтеме жасаған хабарлама мәтініне сәйкес, АҚШ-та жұмысшыларды қысқарту 4 қарашада жергілікті уақыт бойынша жұмыс күнінің басында басталды.

Қызметкерлер Twitter-де жұмыс істеуді жалғастыра ма, жоқ па көрсетілген электрон хаттар алған. Сонымен қатар, олардан кеңселерге келмеу сұралған, өйткені олар уақытша жабылады, ал жұмыс талондары уақытша тоқтатылған. Хатты оқымай кеңсеге келгендер қайтарылады, компания демалыс жариялаған.

"Бұл Twitter-ге құнды үлес қосқан бірқатар адамға әсер ететінін түсінеміз, бірақ, өкінішке қарай, бұл әрекет компанияның болашақтағы табысын қамтамасыз ету үшін қажет", - делінген электрон поштаға келген хаттарда.

Сонымен қатар, қызметкерлерге әлеуметтік желіде немесе баспасөзде "компания туралы құпия ақпаратты" жарияламау ескертілген.