Жеңілген команданың футболшысы бұл оқиға жымиюға жалғыз себеп болғанын мәлімдеді
ERNUR.KZ. Футболдан Нидерланды чемпионаты аясындағы ойын кезінде алаңға жүгіріп шыққан жалаңаш қыздың кесірінен матч тоқтатылды, деп жазды sputniknews.kz.
Оқыс оқиға сенбі күні "Райнсбургсе Бойз" — "Амстердам" (2:6) матчында болған. AD басылымы хабарлағандай, алаңға жүгіріп шыққан қызды тоқтатуға ешкім әрекет жасамаған.
Жеңілген команданың футболшысы Джоэл Тиллема Omroep West Sport-қа берген сұхбатында бұл оқиға жымиюға жалғыз себеп болғанын мәлімдеді.
"Бірақ мен өзімді ұстауға тырыстым – мүмкін әйелім көріп отырған шығар", — деді ол.
Видеодан тыныштықты бұзған қыздың стадионнан өз еркімен кетіп қалғанын көруге болады.