Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард долларға грант алды

0
431

Жалпы Украина биыл АҚШ-тан бюджеттік көмек ретінде 7,8 миллиард доллар алуы мүмкін.


Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард долларға грант алды

ERNUR.KZ. Киев Дүниежүзілік банк арқылы АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар грант алды, бұл биыл Вашингтонның тікелей бюджеттік қолдауының бірінші траншы. Бұл туралы Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Елдің қаржы министрі Сергей Марченко 1 тамызда ел билігі Дүниежүзілік банкпен мемлекеттік бюджеттің өтімділігін қолдау туралы келісімге қол қойғанын және жақын арада АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар көлемінде тағы бір грант алуды күтетінін айтты.
"Украина Дүниежүзілік банк арқылы АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар қайтарымсыз грант алды. Бұл АҚШ-тың 2024 жылғы тікелей бюджеттік қолдауының бірінші траншы", - деп жазды Шмыгаль өзінің Telegram-арнасында.
Ол бұл қаржы мұғалімдердің, дәрігерлердің, құтқарушылардың еңбекақысын төлеуге жұмсалатынын түсіндірді. Оның айтуынша, жалпы Украина биыл АҚШ-тан бюджеттік көмек ретінде 7,8 миллиард доллар алады деп күтуде.
Украиналық парламентарий Александра Устинова бұған дейін мәлімдегендей, мемлекеттік бюджеттегі тапшылық Батыстың қаржыландыруымен өтеліп жатыр. Егер АҚШ Киевке көмектесуді тоқтатса, билік G7 елдеріне көмек сұрауға мәжбүр болады. 2023 жылдың қараша айының соңында Зеленский 43 миллиард доллардан астам тапшылығы бар Украинаның 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы заң жобасына қол қойды.