Кездесу таңертеңгі уақытта басталады деп жоспарланып отыр.
ERNUR.KZ. Ресеймен келіссөздерге шыққан украиналық делегация қазір Беларусь аумағында, деп жазады sputnik.kz.
"Украина делегациясы Беларусь аумағында, келіссөз өтетін жерге жақындады. Бұл туралы @SPUTNIKBY-ға келіссөз процесінен хабардар дереккөз хабарлады. Кездесу бүгін таңертең басталады деп жоспарланып отыр", - делінген агенттіктің Telegram каналында.
Бұған дейін Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Владимир Мединский Украинамен Гомель аумағында келіссөз жүргізу мәселесі келісілгенін айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Александр Лукашенконың Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін атап өтті. Кейінірек Sputnik Беларусь кездесу Александровка-Вильча өткізу бекетінде өтетінін хабарлады.