Украина депутаттары парламент жиналысында жаға жыртысты (видео)

0
1 090

Төбелестің куәгерлері оларды ажыратуға тырысқан.


Украина депутаттары парламент жиналысында жаға жыртысты (видео)

ERNUR.KZ. Украинаның Жоғарғы Радасында депутаттар жаға жыртысыты, деп жазады Stan.kz.

Оқиға ауыл шаруашылығы туралы мәселелерді талқылауға жиналған парламет комитетінің отырысынан кейн орын алған. Бұл жиынға шенеуніктер 2020 жылдың қазан айынан бастап ауыл шаруашылығына тиесілі жер тілімдерін сатуға жарияланған мораторийдің тоқтату және 2024 жылға дейін бұл жерлерді шетелдік азаматтарға сатылуына тыйым салынғандығы айтылған заңнамаларды қайта қарастыруға жиналған көрінеді.

Төбелес "Халық қызметшілері" партиясының Андрей Богданец және "Азаттық" партиясының экс-депутаттары Игорь Мирошниченко пен Эдуард Леоновараларында болған. Депутаттардың бірі бұзақылыққа жол берген Богданец деп айтып қалды.

Бейнежазбада парламент залында екі ер азамат жабылып, үшінші адамды ұрып жатқаны байқалады. Төбелестің куәгерлері оларды ажыратуға тырысып бағуда.