Украинада Ресейлік шабуылдан зардап шеккендер саны 38-ге жетті

0
687

Оның ішінде Киевте 27 адама қаза тапты, олардың арасында төрт бала бар.


Украинада Ресейлік шабуылдан зардап шеккендер саны 38-ге жетті

ERNUR.KZ. 8 шілдедегі Украинаға Ресейдің жаппай зымыран соққысынан 38 адам қаза тапты. Бұл туралы Telegram-да Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"190 адам жарақат алды. Барлығына көмек көрсетіледі. Киев ауруханаларында 64 адам, 28-і Кривой Рогта, 6 адам Днепрде ауруханаға жатқызылды", - деп нақтылады Зеленский.

Сонымен қатар Х-101 зымыраны дөп түскен "Охматдет" балалар ауруханасының барлық пациенттері басқа медициналық мекемелерге ауыстырылғанын хабарлады.

Украинаның облыстық әскери әкімшіліктерінің мәліметтері бойынша, Кривой Рогта 10 адам және Днепрде бір адам қайтыс болды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет (ТЖМ) хабарлағандай, Киевтің Шевченков ауданындағы үйінділер арасынан баланың денесі табылды.

"Жаудың кешегі Киевке жасаған шабуылы нәтижесінде 27 адам қаза тапты, олардың ішінде 4 бала, 117 азамат зардап шекті, 7 адам құтқарылды", - делінген хабарламада. Құтқару әрі тазарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр.