Украинаның Еуропалық Одаққа кіретін мерзімі белгілі болды

0
1 360

Шарль Мишель ЕО-ға кіру "екі тараптың үй тапсырмасын дұрыс орындауына" байланысты екенін атап өтті.


Украинаның Еуропалық Одаққа кіретін мерзімі белгілі болды

ERNUR.KZ. Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель Украинаның Еуропалық Одаққа (ЕО) кіретін мерзімін айтты, деп жазады stan.kz.

Ол Украинаның Еуропалық Одаққа кіретін уақыты 2030 жыл екенін хабарлады. Ол елдің ЕО-ға кіруі "екі тараптың үй тапсырмасын дұрыс орындауына" байланысты екенін атап өтті.

"Еуропалық Одақта біз не нәрсеге қол жеткізгіміз келетінін, басымдықтарымыз қандай және ақшаны неге жұмсайтынымызды анық білуіміз керек. Біз шешім қабылдау процестерін жеделдетуіміз керек", - деді Мишель.