Украинаның Харьков облысында Ресей атқылауынан 50-ге жуық тұрғын қаза тапты

0
577

Тағы жеті адам ауыр жараланған.


Украинаның Харьков облысында Ресей атқылауынан 50-ге жуық тұрғын қаза тапты

ERNUR.KZ. Ресей әскерлерінің Украинаның Харьков облысы Купянск ауданындағы Гроза ауылын атқылауы салдарынан кемінде 49 адам қаза тапты, оның ішінде бір бала бар, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Украинаның бас прокуратурасы хабарлағандай, тағы жеті адам ауыр жараланған.

Ведомствоның мәліметінше, зымыран соққысы 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 13:25-те болған.

Харьков облыстық әскери басқармасының бастығы Олег Синегубов шабуыл жасалған кезде жергілікті дәмханада көптеген бейбіт тұрғындар болғанын атап өтті.

«Азаматтық нысанға – ауылдық кафе-дүкенге зымыраннан оқ атылды. Шабуыл болған кезде дәмханада тұрғындардың бірін жерлеу рәсімі өтіп жатқан», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде үйінді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.