ҰҚШҰ оқу-жаттығуы Тәжікстанда өтіп жатыр

0
507

Аталмыш шара 10-21 қазан аралығында өтеді.


ҰҚШҰ оқу-жаттығуы Тәжікстанда өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Қырғызстан өз аумағында "Рубеж-2022" оқу-жаттығуын өткізуден бас тартқаннан кейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінің контингенттері Тәжікстанға аттанды, деп inbusiness.kz.

Аталмыш шара 10-21 қазан аралығында өтеді. Басты міндет - заңсыз қарулы құрылымдардың ұйымға мүше мемлекеттің аумағына басып кіруіне қарсы жауынгерлік іс-қимылдарды пысықтау.

"Тәжікстандағы жаттығуларға қатысушылардың жалпы саны 1 мыңға жуық адамды құрайды. 300-ден астам әскери және арнайы техника, оның ішінде ұшақтар, тікұшақтар мен ҰҰА жұмылдырылған", - делінген ресми хабарламада.

Жоспар бойынша оқу-жаттығу Қырғызстанда 10-14 қазан аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда, Қырғызстан Қорғаныс министрлігі қырғыз әскері шараға қатыспайтынын айтып, өз полигондарын беруден бас тартты.