Ұлыбритания коронавирустан емдейтін тағы бір препаратты мақұлдады

0
1 056

Бұл шешім препараттың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі жан-жақты тексерілгеннен кейін қабылданған.


Ұлыбритания коронавирустан емдейтін тағы бір препаратты мақұлдады

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның дәрілер мен медициналық құрылғылар басқармасы (MHRA) коронавирустың "омикрон" штамына қарсы тиімді болуы мүмкін Xevudy (Сотровимаб) препаратын қолдануға рұқсат берді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Тағы бір COVID-19-ға қарсы препаратты (Сотровимаб) бүгін MHRA мақұлдады, ол жеңіл және орташа ауырлықтағы COVID-19 белгілері байқалған адамдарға қауіпсіз және тиімді екені көрсетілді", - делінген хабарламада.

Бұл шешім препараттың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі жан-жақты тексерілгеннен кейін қабылданған. Бұл Ұлыбритания реттеушісі бекіткен антидене негізіндегі екінші терапия құралы.

"Қазіргі уақытта Сотровимаб препаратын "омикрон" штамына қарсы тиімді деп айтуға әлі ерте, бірақ MHRA мұны нақтылау үшін өндірушімен жұмыс істейді", - деді реттеуші.

GSK және Vir Biotechnology әзірлеген Сотровимаб моноканалды антиденелер негізіндегі препарат саналады. Бұл вирустың адам жасушаларына қосылуына, олардың енуіне және денеде одан әрі көбеюіне жол бермейді.

Клиникалық сынақ нәтижелері бойынша, моноклоналды антидене COVID жұқтырған тәуекел тобындағы ересек пациенттерде ауруханаға жатқызу және өлім қаупін 79 пайызға төмендеткен. Препарат инфекцияның бастапқы кезеңінде ең тиімді екені айтылды, сондықтан реттеуші оны симптомдар басталғаннан кейінгі алғашқы бес күн ішінде қолдануды ұсынады.

Препаратты жеңіл және орташа белгілер байқалған емделушілерге, егер оларда кем дегенде бір қауіп факторы болса, қолдану ұсынылады. Бұл факторларға семіздік, 60 жастан асқан адамдар, қант диабеті және жүрек аурулары жатады. Препарат 12 жастан асқан және салмағы 40 келіден асатын адамдарға ұсынылады.

Бұған дейін Ұлыбритания америкалық Merck және Ridgeback Biotherapeutics компаниялары әзірлеген COVID-19-ға қарсы препаратты мақұлдаған әлемдегі бірінші ел болды.