Ұлыбританияда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

0
912

Жуырда Британияда ауа температурасы 38 градусқа жетті.


Ұлыбританияда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

ERNUR.KZ. Лондондағы аптап ыстық халықты әбігерге салды, деп жазады «Хабар 24».

Осыған байланысты тұрғындар шіліңгір шілде ыстығына шыдай алмай, қалалық бассейндерден пана тапқан. Мұнда ине шаншар орын жоқ. Жуырда Британияда ауа температурасы 38 градусқа жетті. Бұл рекордтық көрсеткіш. Айта кетсек, қазір аптап ыстық бүкіл Батыс Еуропа аймағында тіркеліп отыр. Кей жерлерде сынап бағанасы 43 градусқа дейін жеткен екен.