Ұлыбританияда бензинмен жүретін көліктерді шығаруға тыйым салынбақ

0
775

Премьер-министр Борис Джонсон шараға қатысты жоспарын алдағы аптада жарияламақ


Ұлыбританияда бензинмен жүретін көліктерді шығаруға тыйым салынбақ

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда 2030 жылдан бастап бензин және дизельмен жүретін көліктерді сатуға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар24.

Ал 5 жылдан кейін гибридтік көліктерді шығару да шектелуі ықтимал.

Үкімет мұндай шешімді азаматтарды қазірден бастап экологиялық көліктірге көшуге ынталандыру үшін қабылдаған. Себебі корольдік 2050 жылға қарай ауаға шығарылатын парниктік газдарды нөлге жеткізуді мақсат етіп отыр.

Премьер-министр Борис Джонсон шараға қатысты жоспарын алдағы аптада жарияламақ. Алайда кей шенеуніктер берілген мерзім өте қысқа екенін айтып, бастаманы сынға алуда.