Дәрінің құрамында этиленгликоль атты улы зат бар екен.
ERNUR.KZ. Үндістан билігі Өзбекстанда 18 бала қайтыс болғаннан кейін фармакологиялық компанияға қатысты тергеуді бастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ел билігі Өзбекстан ведомстволарына болған оқиға туралы толығырақ ақпарат беруді өтініп, сұрау жіберді.
Бұған дейін 18 бала үнді таблеткалары мен жөтел сироптарын қабылдағаннан кейін уланып, қайтыс болғаны жайында жазғанбыз. Олардың құрамында этиленгликоль атты улы зат бар екені белгілі.