Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласындағы науқастардың жүрегі айнып, кейбірі тіпті есін жоғалтқан.
ERNUR.KZ. Үндістанның Элуру қаласында үш жүзге жуық адам белгісіз ауруды жұқтырды, деп жазады Тengrinews.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласындағы науқастардың жүрегі айнып, кейбірі тіпті есін жоғалтқан.
Мемлекеттік аурухананың медициналық қызметкерінің айтуынша, науқастар, әсіресе балалар жүрегі айнығанын айтқан. Біреулерінің сіңірі тартылып қалған.
Енді Үндістан билігі белгісіз аурудың себебін анықтамақ.
Айта кетейік, осы белгісіз дерт салдарынан 140 науқас ауруханаға жатқызылған. Ал жұқтырғандар саны - 300.
Сондай-ақ, тағы бір науқастың қайтыс болғаны айтылады.
Штаттың денсаулық сақтау министрі Кришна Сринивас қан сынамаларынан вирус инфекциясы анықталмағанын айтты.