Үндістанда найзағайдан екі күн ішінде жүзден астам адам көз жұмды

0
1 068

Ел билігі ауа-райы нашар кезде адамдарды мүмкіндігінше үйде отыруға шақырды.


Үндістанда найзағайдан екі күн ішінде жүзден астам адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Соңғы екі күнде Үндістанның Бихар және Уттар-Прадеш штаттарында жүз он адам найзағайдан қаза тапты, деп жазады Тengrinews.kz.

Бұған дейін, Үндістандағы Бихар штатында найзағайдан 83 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Кейін Уттар-Прадеш штатының билігі бейсенбіде 24 адам қайтыс болғанын, тағы үшеуі сәрсенбіде қаза болғанын мәлімдеді.

Найзағай соққысынан 32 адам зардап шекті - Бихарда 20 адам, Уттар-Прадеште 12 адам жарақат алды. Олардың барлығын күйік шалған.

Премьер-министр Нарендра Моди қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.


"Қатты жаңбыр мен найзағай салдарынан Уттар-Прадеш пен Бихардың кей ауданында бірнеше адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабар келіп түсті. Штат үкіметтері шұғыл көмек көрсетумен айналысады", - деп жазды ол Twitter-де.


Штат билігі қаза тапқандардың туыстарына 400 мың рупийден төлем берілетінін хабарлады. Олар ауа-райы нашар кезде адамдарды мүмкіндігінше үйде отыруға шақырды.

Ал ауа райы департаменті Уттар-Прадеш штатында және солтүстік аудандарда күшті жауын-шашын жалғасады деп болжады.