Мамандар «Фанни» соңғы 30 жылда соғатын ең жойқын төртінші дауыл болады деп отыр.
ERNUR.KZ. Известия Үндістан билігі «Фани» дауылының жақындауына байланысты Орисс штатындағы 1 миллионнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп жазады 24.kz.
Сағатына 190 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел елдің шығыс жағалауына жете бастады. Сондықтан апат аймақтарынан тұрғындар кеме, пойыз және көлікпен көшірілуде. Мектептер мен мемлекеттік органдар уақытша жабылған. Себебі мамандар «Фанни» соңғы 30 жылда соғатын ең жойқын төртінші дауыл болады деп отыр. Айта кететін жайт, 20 жыл бұрын Үндістанда осындай тропикалық дүлей желден 10 мың адам қаза тауып, елге 4 жарым миллиард доллар шығын келген еді.