445 адам ажал құшқан.
Сурет: AFP
ERNUR.KZ. Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында қалың қар жауып, соңы жаңбырға ұласқан. Салдарынан кем дегенде 45 адам, соның ішінде Рурки қаласындағы технологиялық институттың 35 студенті із-түссіз жоғалған, деп жазады ҚазАқпарат.
Сейсенбі күні NDTV телеарнасы хабарлағандай, бұдан бұрын студенттер Лахул ауданындағы таулы жерге сапарға шыққан, бірақ, дүйсенбі күні штатта қар аралас жаңбыр жауған. Қазіргі таңда Үндістанда муссондар маусымы жүріп жатыр. Ол маусым айынан қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Биыл муссондық жауын-шашын өте күшті болып отыр. Соның салдарынан оңтүстік-батыстағы Керал штаты зардап шегіп, 445 адам ажал құшқан. Ал 1,4 млн адам су тасқынына байланысты уақытша үйлерін тастауға мәжбүр болды.