Бір ғана Үндістанда жаңбырдың айлық нормасы жауып, егіс алқаптарын бүлдірді.
ERNUR.KZ. Үндістанның теріскейін су басып жатыр. Ганг өзені арнасынан шығып, үйлерді шайып кетті, деп жазады 24.kz.
Қауіпті аумақтан тұрғындар шұғыл көшіріліп жатыр. Соңғы бірнеше күн бойы бүкіл Оңтүстік Азия аймағы бойынша рекордты көлемде жауын-шашын түсіп, соңы тасқынға ұласты.
Бір ғана Үндістанда жаңбырдың айлық нормасы жауып, егіс алқаптарын бүлдірді.
Тасқын қазірдің өзінде орасан зор шығынға батырды. Баспанасынан, дүние-мүлкінен айырылған адамдар мыңдап саналады. Әбден қиналдық. Су деңгейі көтерілмесе, төмен түсер емес.