"Ұстанымымыз өзгерген жоқ": ДДСҰ дені сау адамға масканың қажеті жоқ екенін айтты

0
1 200

Маман маска өздігінен вирустан құтқаруға кепіл бола алмайтынын мәлімдеді.


ERNUR.KZ. Дені сау адамдарға маска тағудың қажеті жоқ және маска COVID-19 инфекциясынан құтқаруға кепіл бола алмайды. Бұл туралы Тарик Язаревич Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі мәлімдеді, деп жазады Nur.kz.

"Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Масканы дені сау адамдарға тағу талап етілмейді. Ал ауру белгілері байқалғандар басқаларды сақтау үшін маска тағуға міндетті.. Сондай-ақ, үйде ауру адамдарды емдеп жатқандар да маска тағуы тиіс", - деді Тарик Язаревич.

ДДСҰ өкілі маска өздігінен вирустан құтқаруға кепіл бола алмайтынын мәлімдеді.

"Ол басқа шаралармен бірге қолданылуы тиіс. Адамдар маска тағып, өздерін қауіпсіз сезінуі мүмкін. Содан соң қолды жуу сияқты басқа істерді ұмытып кетеді. Егер сіз масканы қалай тағуды білмесеңіз, өз бетіңізге көбірек жақындайсыз", - деді ол.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда тағы 4 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша елімізде COVID-19 инфекция жұқтырғандар саны 448-ге жетіп отыр. Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, Жер бетінде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 1 млн 16 мың адамнан асты. 52 мың 957 адам вирус құрбанына айналса, тағы 210 мыңға жуық науқас ауруынан айықты.