Вьетнамда толассыз жаңбырдан 9 адам қаза тапты

0
2 026

Вьетнамның солтүстік және орталық аудандарында 24-28 қыркүйек аралығында болған су тасқынынан тоғыз адам мерт болып, бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, тағы 10 адам зардап шеккен.


Вьетнамда толассыз жаңбырдан 9 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Бұл туралы кеше елдің Табиғи апаттардың алдын алу және олармен күрес ұлттық жетекші комитетінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Нөсер жаңбыр салдарынан болған тасқын үйлерді, жол мен аквамәдениетке арналған су айдындарын, күріш пен өзге де дақылдар алқабын зақымдап, үй құстары мен ірі қара малдың өліміне әкелді.

Вьетнам Бас статистика басқармасының мәліметінше, табиғи апаттардан, әсіресе тасқын мен көшкіннен биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында Вьетнамда 98 адам қаза тауып, із-түзсіз жоғалып кеткен. 103 тұрғын жарақат алды.