Владимир Путин мен Джо Байден кездесті

0
506

Шағын форматтағы кездесу екі сағатқа созылды.


Владимир Путин мен Джо Байден кездесті

ERNUR.KZ. РФ президенті Владимир Путин мен Американың көшбасшысы Джо Байден Женевада Ла-Гранж вилласында кездесу өткізуде, деп жазады ҚазАқпарат.

Путин мен Байден кездесу барысында қол алысып амандасты.

Ресей мемлекет басшысының қорытынды баспасөз мәслихаты Мәскеу уақытымен 19:00-ге жоспарланған.

Бұл - 2018 жылғы шілдеде Хельсинкиде Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуінен кейінгі бірінші Ресей-Америка саммиті.

Шағын форматтағы кездесу екі сағатқа созылды.