Белоруссия әкелерге арналған 2 апталық деретті демалыс енгізу көздеп отыр. Егер еңбек туралы заңға өзгерістер енгізілсе, жұмыс беруші қоластындағы қызметкерін 14 күнге жұмыстан босатуға міндетті болады.
Белоруссия әкелерге арналған 2 апталық деретті демалыс енгізу көздеп отыр. Егер еңбек туралы заңға өзгерістер енгізілсе, жұмыс беруші қоластындағы қызметкерін 14 күнге жұмыстан босатуға міндетті болады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ РИА Новости -ге сілтеме жасап.
Бұған дейін әкелерді аз мерзімді демалысқа жіберудің түрлі нұсқалары қаралған. Сонымен қатар, 28 күндік ақысыз демалыс мәселесі де көтерілген. 2016 жылы белоруссия депутатының бірі ел президенті Александр Лукашенкоға әкелерге арналған дектерттік демалыс мәселесін енгізуді сұраған болатын. Президент толық жауап қатпай, бұл мәселені мақұлдамас бұрын мамандар осы тақырыпты зерттеуі керек деген болатын. Осы жағдайға байланысты еңбек министрлігі жанынан жұмысшы топ құрылды.
Парламент мүшелері бұндай демалыстар отбасында және бала тәрбиесінде оң нәтижесін беретініне сенімді.