Израиль және Түркия басшылары арасындағы жанжал Газа секторы мен Израиль шекарасы маңында қақтығыстан 16 палестиналық қаза тауып, жүздеген адам жараланғаннан кейін туындады.
Түркия президенті Режеп Ердоған өткен аптада 15 палестиндіктің қаза табуына байланысты Израиль үкімет басшысы Биньямин Нетаньяхуды "басыншы" және "терроршы" деп атады. Бұл туралы azattyq.org хабарлайды.
Израиль және Түркия басшылары арасындағы жанжал Газа секторы мен Израиль шекарасы маңында қақтығыстан 16 палестиналық қаза тауып, жүздеген адам жараланғаннан кейін туындады. Анкара Израиль әскерилерін қатаң сынады. Нетаньяху жауап ретінде "көп жыл бейбіт халықты бомбалап келген ел өзге елді сынамай-ақ қойсын" деп жауап берген. Ол бұл сөзінде Түркияның Сирия, Ирак және Түркиядағы күрдтерге қарсы операцияларын меңзеді.
Ердоған оған жауабында Израиль билігін "терроршы" деп атап, үкімет басшысын "әлемде ешкім жақсы көрмейтінін" айтты.
Бір кездері жақсы қарым-қатынас орнатқан Түркия мен Израиль арасы соңғы жылдары шиеленісе бастаған. Екі ел қарым-қатынасы соңғы уақытта тіптен нашарлап кетті.
Сәуірдің 1-і күні Израиль қорғаныс министрі Авигдор Либерман БҰҰ мен Еуропа Одағының 16 палестиналықтың өлімін жіті тексеру жөніндегі талабын қабылдамады. "Израиль әскері қажетті ісін орындады. Менің ойымша, олар марапатқа лайық" деді Либерман. Израиль мәліметі бойынша, қаза тапқандардың дені – радикалдық топ мүшелері.