YouTube штаб-пәтерінде белгісіз бір әйел атыс шығарды

0
1 405

Атыс туралы хабарды осы компанияда жұмыс істейтін Беларусь тумасы Вадим Лаврусик жеткізген.


YouTube штаб-пәтерінде белгісіз бір әйел атыс шығарды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Бруно қаласында YouTube видео қызметінің штаб-пәтерінде белгісіз бір әйел атыс шығарды, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды sputniknews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Атыс туралы хабарды осы компанияда жұмыс істейтін Беларусь тумасы Вадим Лаврусик жеткізген.

"YouTube штаб-пәтерінде қаруланған адам жүр. Жұмыс орнымда отырып, атылған оқ үнін естідім, адамдар қашып жатты. Әріптестерімізбен бөлмеде жасырынып отырмыз", — деп жазды ол.

Алғашқы ресми деректерге сүйенсек, төрт адам зардап шегіп, бір адам қаза тауыпты, ал атыс шығарған әйел адам өз-өзіне қол салған.

АВС телеарнасы хабарлағандай, оқиғаның терроризмге қатысы жоқ, тұрмыстық себептерден болған.