Автобус Ыстамбұлдан шығып, Қара теңіз жағалауындағы Синоп қаласына бара жатқан. Басылым мәліметінше, Кастамону - Ташкепрю тасжолында мұзтайғақ пен қардың салдарынан жүргізуші көлікті басқаруды игере алмаған.
ERNUR.KZ. Түркияның солтүстігіндегі Кастамону провинциясында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Соның салдарынан алты адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды, деп жазады tengritravel.kz.
Автобус Ыстамбұлдан шығып, Қара теңіз жағалауындағы Синоп қаласына бара жатқан. Басылым мәліметінше, Кастамону - Ташкепрю тасжолында мұзтайғақ пен қардың салдарынан жүргізуші көлікті басқаруды игере алмаған. Содан жолаушылар көлігі жолдан шығып кетіп, бір жанына ауып кеткен.
Сонымен қатар провинция губернаторы Мефтун Даллы TRT Haber эфирінде берген сұхбатында жол апатына жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Жергілікті полиция мәліметінше, ол аймақтағы жолда қар болмаған.