Ыстықкөлде бір топ спортшыны су толқыны басып, бір адам із-түссіз жоғалып кетті

0
2 497

15 суда жүзуші Тоң ауданындағы Қара-Шаар ауылынан Ыстықкөл ауданы Тору-Айғыр ауылына қарай жүзуге шыққан.


Ыстықкөлде бір топ спортшыны су толқыны басып, бір адам із-түссіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Ыстықкөлде бір топ жүзушілерді толқын басып қалды, бір адам із-түссіз жоғалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, 6 тамыз күні сағат 13:00 шамасында 15 суда жүзуші Тоң ауданындағы Қара-Шаар ауылынан Ыстықкөл ауданы Тору-Айғыр ауылына қарай жүзуге шыққан.

«Жүзу кезінде спортшыларды үлкен толқын басып, салдарынан олардың біреуі судан шықпады», - делінген хабарламада. Қазіргі кезде спортшыны іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ол туралы мәлімет анықталып жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі.