ERNUR.KZ. GM Uzbekistan өзбек-америкалық автомобиль концерні отандық автокөліктерінің бағасын көтеруді жоспарлап жатыр.
ERNUR.KZ. GM Uzbekistan өзбек-америкалық автомобиль концерні отандық автокөліктерінің бағасын көтеруді жоспарлап жатыр, деп жазады ca-news (uz).
«Узавтосаноат» компаниясының басшысы Умиджан Салимовтың айтуынша, қазір шетелдің нарығында отандық автокөліктердің бағасын қайта қарап жатыр. Оның нәтижесі бір ай шамасында белгілі болмақ.
«Экспорт бағасы көтерілетіні белгілі. Эспорттық нарыққа баға бірдей, сондықтан автокөліктердің бағасы Қазақстан, Ресей және өзге де жерлерде қымбаттайды. Қазір бірнеше жобалар қаларып жатыр, ол бойынша баға 10, 15, 20 немесе 25 пайызға өсуі мүмкін», - деп атап өтті ол.
GM Uzbekistan үшін басты экспорттық нарық - Қазақстан мен Ресей. Оларға өзбек автокөлігі Ravon брендімен экспортталады.
Бүгінде аталмыш компания 8 бренд бойынша - Chevrolet және Ravon: Spark (R2), Nexia (R3), Cobalt (R4), Lacetti (Gentra), Captiva, Malibu, Damas және Labo автокөліктерін шығарып жатыр.