Зеленский әскерден қашқандардың өз еркімен оралуына мүмкіндік беретін заңға қол қойды

0
117

Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізілді, келесі күні Зеленский жалпы мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды.


Зеленский әскерден қашқандардың өз еркімен оралуына мүмкіндік беретін заңға қол қойды

фото: Sputnik / Стрингер

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский әскерден қашқандардың өз еркімен оралуына рұқсат беретін заңға қол қойды, деп жазады sputnik.kz.
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңға түзетулер енгізетін заң жобасын Зеленский мақұлдады.
Жоғарғы Рада депутаты Ирина Геращенко бұған дейін Украина парламенті әскерден қашу туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдағанын хабарлаған. Құжатқа сәйкес, 72 сағат ішінде қызметке өз еркімен оралған әскери қызметшілер келісімшартты жаңартып, барлық тиісті төлем мен әлеуметтік кепілдікті ала алады. Оның айтуынша, бұл тек бір реттік рұқсат, бұл бөлімшені рұқсатсыз тастап кеткендерге қайта оралуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін ардагерлер мен олардың отбасыларына қолдау көрсету жөніндегі украин орталығының заңгері Роман Лихачев 2022 жылдан бері Украинада 100 мыңнан астам адам бөлімшені рұқсатсыз тастап кеткенін айтты.
Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізілді, келесі күні Зеленский жалпы мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Әскери жағдай кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың Украинадан кетуіне тыйым салынды. Мобилизациялау кезінде әскери қызметтен жалтарғаны үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.