Киев режимінің басшысы сондай-ақ Батыстан Украина қарулы күштерін қару-жарақпен қамтамасыз етуді тездетуді талап етті.
ERNUR.KZ. Владимир Зеленский Украина қарулы күштерінің Курск облысына басып кіруінің мақсаты “буферлік аймақ” құру екенін айтты. Бұл туралы ол Telegram желісінде жарияланған видео үндеуінде мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Курск облысындағы біздің операцияның мақсаты - Ресей аумағында буферлік аймақ құру”, - деді Зеленский.
Киев режимінің басшысы сондай-ақ Батыстан Украина қарулы күштерін қару-жарақпен қамтамасыз етуді тездетуді талап етті.
Украина бөлімшелері 6 тамыз күні таңертең Курск облысындағы аумақты басып алу мақсатында шабуылға шықты, олардың алға қарай ілгерілеуі тоқтатылды, деп хабарлады Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимов.