Зеленский Ресеймен келіссөздердің жаңа раундын өткізуге шақырды

0
560

Ресей мен Украина бұған дейін келіссөздердің үш раундын өткізген еді.


Зеленский Ресеймен келіссөздердің жаңа раундын өткізуге шақырды

ERNUR.KZ. Владимир Зеленский 8 наурызда кешкі жолдаған видеоүндеуінде Украинадағы жағдайды реттеу туралы тағы да келіссөздерге шақырды, деп жазады Tengrinews.kz.

Видеоүндеу Зеленскийдің Telegram-арнасында жарияланды.

"Соғысты аяқтау керек. Келіссөз үстеліне отыру керек, бірақ адал және нақты, халықтың мүддесі үшін", - деді Зеленский.

Ресей мен Украина бұған дейін келіссөздердің үш раундын өткізген еді. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа қол жеткізді. Алайда гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.

Беларуссияда 7 наурызда кешке Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды. Ол үш сағатқа созылды.