Зеленский резервтегі әскерилерді шақыру туралы жарлыққа қол қойды

0
586

Сондай-ақ, ол барлық әскери қызметшінің қосымша оқу-жаттығу жиындарын өткізуі туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.


Зеленский резервтегі әскерилерді шақыру туралы жарлыққа қол қойды

ERNUR.KZ. Президент Владимир Зеленский Ресей тарапынан әскери қауіптің артуына байланысты запастағы әскери қызметшілерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Сонымен бірге Украина президенті жалпы жұмылдыруды жариялаудың қажеті жоқ деп сендірді.

"Мен ерекше кезеңде резервшілерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойдым. Біз тек жедел резервке жатқызылған азаматтар туралы айтып отырмыз. Біз Украина армиясының жедел ортадағы барлық ықтимал өзгерістерге дайындығын арттыруымыз керек", - деді Зеленский видеохабарламада.

Сондай-ақ, ол барлық әскери қызметшінің қосымша оқу-жаттығу жиындарын өткізуі туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.