Зеленский Украинаға ай сайын $7 млрд қаржылай көмек қажет болатынын айтты

0
817

​Ресей басқыншылығының салдарынан туындаған шығынды өтеп, экономиканы ұстап тұру үшін Украинаға ай сайын 7 млрд доллар қаражат қажет.


Зеленский Украинаға ай сайын $7 млрд қаржылай көмек қажет болатынын айтты

ERNUR.KZ. 21 сәуірде Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банк жетекшілерімен онлайн кездесу кезінде Украина президенті Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді, деп жазады azattyq.org.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей күштері темір жол вокзалдары, азық-түлік, мұнай қоймалары тәрізді "өмір сүруге қажет негізгі нысандардың барлығын" жоюға тырысып жатыр.

Дүниежүзілік банк жетекшісі Дэвид Малпасс банк дерегіне сүйеніп, инфрақұрылым нысандары қираған Украина соғыстың экономикаға зардабын есепке алмағанда 60 млрд доллар шығынға батты деп мәлімдеді. "Соғыс әлі жүріп жатыр, шығын көлемі өсіп жатыр" деді Малпасс.

Осыған дейін Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездескен АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен кездесу кезінде Киевке жалақылар мен зейнетақы, қызмет төлемдерін өтеуіне мүмкіндік беру үшін АҚШ Украинаға 500 млн доллар көлемінде қаржылай көмек бөлетінін айтты. "Бұл Ресей басқыншылығы тұсында Украина үкіметіне жұмыс істеуіне көмектеседі" деді. Ол Украинаның қаржылай көмекке зәру екенін алға тартып, Вашингтон Украинаға бұдан да көп қаражат қажет екенін жақсы түсініп отыр деді.