Кейбір мәліметтер бойынша, ол жүкті болған.
ERNUR.KZ. Мәскеу түбіндегі Stas Reeflay (Станислав Решетников) есімді стримердің тікелей эфирі кезінде оның құрбысы қайтыс болды. Стриммер оқиға орнына полицейлер келгенше хабар таратуды жалғастырған, деп жазады Stan.kz.
Жәбірленуші Краснодар өлкесінің 30 жастағы тумасы Валентина Гениалная болды. Кейбір мәліметтер бойынша, ол жүкті болған, бірақ түсік жасатпақ болып жүрген.
Түнде ішімдікке мас болған Решетников қызды жанжалдан кейін іш киімімен далаға қуып жіберген. Қыз қанша рет үйге кіргізуді сұраса да, стриммер оның өтінішіне мән бермей, оқырмандарымен тікелей эфирді жалғастыра берген. Решетников қыздың далада жүргенін есіне алып, сыртқа шыққанда Валентина қатып қалған.
Решетников мәйітті үйге әкеліп, жылытпақ болған. Алайда бұл ойынан ешнәрсе шықпады.
"Жаным, сен тірісің бе? Жоқ па? Тыныс ал, Валя", - деп жалынды ол.
Ол 20 минут бойы жедел жәрдем шақыра алмаған. Артынша көршілерінен көмек сұрады. Жедел жәрдем келе салып қыздың көз жұмғанын айтты. Ал Решетников қыздың бір жыл бойы жезөкшелік қызмет көрсеткенін алға тартып, өзінен кінәні алып қашқан.