Жалға алу ақысын қымбатсынған студент университетке ұшақпен қатынауға мәжбүр

0
586

Үш сағатқа созылатын сабаққа қатысу үшін Калгари қаласынан Ванкуверге аптасына екі рет ұшып келеді.


Жалға алу ақысын қымбатсынған студент университетке ұшақпен қатынауға мәжбүр

ERNUR.KZ. Тим Чен Ванкувердегі университеттің соңғы курсында оқиды. Бұған дейін студент қалада баспана жалдап келген. Бірақ пәтер ақысының күрт өсуіне байланысты ол үйіне кетуге мәжбүр болды. Енді Чен аптасына екі рет оқуға ұшып келеді. Ал қалған күндері ата-анасымен бірге тұрады, деп жазады tengritravel.kz.

Ченнің сөзінше, Ванкувердегі тұрғын үй бағасы екі есе қымбаттады, жалдау ақысы айына 2500 долларға жетті. Қарапайым студент үшін бұл өте қомақты сома болды. Сондықтан ол өз үйіне көшуге шешім қабылдады. Осылайша Тим үш сағатқа созылатын сабаққа қатысу үшін Калгари қаласынан Ванкуверге аптасына екі рет ұшып келеді.

Ол университетке барып қайтқанға 150 доллар (67 000 теңге) жұмсайды. Ал айына ұшаққа 1200 доллар (537 000 теңге) шығындайды екен.

"Бір бағытқа ұшуыма бір сағаттан аса уақыт кетеді", - деді Тим.

Ол оқу жылының соңына дейін осылай ұшақпен қатынауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Ванкувер - тұрғын үйді жалға алу құны ең қымбат қалалар тізімінде көш бастап тұр. Қалада жалға берілетін пәтерлер өте аз. Сондықтан қала студенттері Чен сияқты түрлі шараларға баруға мәжбүр.