Жаңа пандемияға дайындалу керек - ДДСҰ

0
809

Резолюция жаһандық медициналық қауымдастықты барлық елдерді COVID-19 және басқа қауіпті жұқпалы ауруларды анықтауға және оған жауап беруге дайын болуын қамтамасыз етуге шақырады.​


Жаңа пандемияға дайындалу керек - ДДСҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық мемлекеттерді жаңа пандемияға дайын болуға шақырды, деп жазады Stan.kz.

Бұл тақырып дүйсенбіде басталатын дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында талқылауға арналған негізгі тақырыптардың бірі ретінде қарастырылады.

"Біз келесі пандемияға дайын болу үшін қазірден бастап әрекет етуіміз керек. Өткен жылы біз төтенше жағдайға дайындығы мықты елдер SARS-CoV-20 вирусының таралуын тоқтату және бақылау бойынша жедел шаралар қолдана алғанын көрдік", - делінген ДДСҰ сайтында жарияланған хабарламада.

ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ережелерді қатаң сақтау арқылы мүше мемлекеттердің денсаулық жағдайындағы төтенше жағдайларға, мысалы, COVID-19 дайындығын жақсарту жөніндегі қаулы жобасын қарастырады.

Резолюция жаһандық медициналық қауымдастықты барлық елдерді COVID-19 және басқа қауіпті жұқпалы ауруларды анықтауға және оған жауап беруге дайын болуын қамтамасыз етуге шақырады.