Жапония үкіметі толығымен отставкаға кетті

0
251

Бұл туралы жергілікті Kyodo News басылымы жазды.


Жапония үкіметі толығымен отставкаға кетті

Фото: AFP 2024 / JIJI Press / STR

ERNUR.KZ. 1 қазанда Фумио Кисидо бастаған Жапония үкіметі отставкаға кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл келесі премьер-министр Сигэру Исиба құратын жаңа министрлер кабинетін құруға дейін жасалды.

Парламент кейін кезектен тыс сессияға жиналады, оның барысында 27 қыркүйектегі сайлаудан кейін билеуші Либерал-демократиялық партияның жаңа төрағасы болған Исиба премьер-министр болып сайланады.

ЛДП өзінің коалициялық серіктесі Комейто партиясымен бірге заң шығарушы органның екі палатасында да көпшілікке ие.