Жапония ядролық жарылыстан қаза тапқандарды еске алуда

0
1 074

Ел премьері Синдзо Абэ мемориалға гүл қойып, құрбандарға құрмет көрсетті.


Жапония ядролық жарылыстан қаза тапқандарды еске алуда

ERNUR.KZ. Жапония халқы тарихтағы ең ауқымды апат Хиросимадағы ядролық жарылыстан қаза тапқандарды еске алуда, деп жазады «Хабар 24».

74 жыл бұрын полковник Пол Тиббетс қалаға жарылғыш тастап, шаһар жер бетінен үшті-күйлі жойылған еді. Әртүрлі деректерге сай, сол сәтте Хиросима қаласында 70-80 мыңдай тұрғын қаза тапқан. Жыл соңына қарай ажал құшқандардың саны 140 мыңға жетті. Ел премьері Синдзо Абэ мемориалға гүл қойып, құрбандарға құрмет тұтты. Өз сөзінде ол жер бетінде әлі 14 мың снарядтық жарылғыш заттың барын атап өтті. Абэ өзге елдерді ядролық алпауыттармен келіссөздер жүргізуге шақырды.

– Соғыс кезінде атомдық жарылысты бастан өткізген жалғыз ел ретінде әлемді ядролық қарудан азат ету жолында еңбек етіп келеміз. Мемлекеттің миссиясы да осы. Жаңа Рэйва дәуірінде әлемді бейбіт әрі қауіпсіз етуіміз керек, - деді Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.