Жапонияда 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

0
507

Эпицентр Тиба префектурасында орналасқан.


 Жапонияда 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. Жапонияның орталық бөлігінде 5,4 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі Токионың шығысындағы Тиба префектурасының жағасында болды. Жапон метеорологиялық агенттігінің (JMA) дерегінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 12.12-де тіркелді.

Жер сілкінісі Тиба, Токио және Канагава, Ибараки, Сайтама префектураларында сезілді.

Зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат жоқ.