Жасөспірімдер Өзбекстан Сенатының сайтын бұзып кірген

0
836

Marsh Golden хакерлер тобында кәмелетке толмаған алты бала бар.


Жасөспірімдер Өзбекстан Сенатының сайтын бұзып кірген

ERNUR.KZ. 14 жастағы жасөспірімдер Өзбекстан Сенатының сайтын бұзып кірген, - деп жазады Tengrinews.kz.

Marsh Golden хакерлер тобында кәмелетке толмаған алты бала бар. Жасөспірімдердің бірінің айтуынша, мемлекеттік сайт осалдығын көрсету үшін бұзылған, кәмелетке толмағандардың жаман ниеті болмаған.

Оның айтуынша, егер мүмкін болса, Marsh Golden Өзбекстанның киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Podrobno.uz порталының мәліметінше, жасөспірімдер бұған дейін де мемлекеттік органдардың сайттарын бұзған. Олар өз қызметін 2018 жылы бастаған. Бір жылдан кейін Marsh Golden мектептегі бағаларын дұрыстау үшін Kundalik.com өзбек білім беру платформасын бұзған.