​Жеке клиникаларға тіс жұлуға тыйым салынды

0
1 170

Астана тұрғындары ауру тістерін мемлекеттік мекемелерде ғана емдей алады.


​Жеке клиникаларға тіс жұлуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Тәжікстанда жекеменшік стоматологиялық клиникаларға тіс жұлуға тыйым салды. Астана тұрғындары ауру тістерін мемлекеттік мекемелерде ғана емдей алады.

Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері Муродали Меликов Озоди радиосына бұл мәліметті растады. Оның айтуынша, тіс жұлу және тісті трансплантациялау қызметтері барлық жағдайы қарастырылған мекемелерге ғана рұқсат етіледі.

Стамотология ғылыми-клиникалық институтының директоры Махмадулло Косимзода ешқандай монополоия туралы әңгіме болмауы керек деп есептейді. Оның айтуынша, билік бар болғаны стоматологиялық клиникаларға талапты күшейтіп отыр. Дегенмен, ол мұндай тыйымнан соң клиенттер саны көбейгенін жасырмады.

Бір апта бұрын Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы Қылмыстық кодекске түзетулер қабылдады. Енді науқастарға инфекция жұқтырған дәрігерлер, сонымен бірге науқас денсаулығына немқұрайлы қараған медицина қызметкерлері қылмыстық жауапқа тартылады. Елге сапасы төмен немесе мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер әкелуге қатаң тыйым салынады.

Биыл ақпан айында Денсаулық сақтау министрлігі елде 22 мемлекеттік және жекеменшік стоматологиялық клиника жабылғанын, өйткені онда санитарлық ереже сақталмағанын хабарлады.

Ресми дерек бойынша, қазіргі таңда Тәжікстанда 579 стоматологиялық клиника және бөлім жұмыс істейді.


Дереккөз:centralasian.org/a/