Қазіргі фермерлер аз уақыттың ішінде пайда табу үшін көкөністерді химиялық өңдеуден өткізеді.
ERNUR.KZ. Сырты қазыл, бірақ іші көкпеңбек қызанақтар желіде қырғыстандықатрдың қызығушылығын тудырды, деп жазады Stan.kz.
Әлеуметтік желіде таралған видеоны Қырғызстан ауылында дүкеннен азық-түлік сатып алған әйел түсірген. Видеодан қызанақтардың резеңке секілді қатты екенін көруге болады.
"Қызанақты кессек, іші көкпеңбек. Әлі піспеген шығар деп ойладық, бірақ ол резеңке секіліп, күмән туғызды. Бұл Қытайдың қызанақтары ма? Абай болыңыздар", — деді әйел.
Жұмыс тәжірибесі үлкен агроном Авазбек Қасымовтың сөзінше, көкөністер химиялық өңдеуден өткен.
"70-80 пайыз піскен қызанақтарды сатылғанда түрі әдемі болсын деумен өңдеуден өткізеді. Менің білуімше, мұндай заттар КСРО кезінде де пайдаланылған. Видеодан қызанақтың көк екені, мүлдем піспегені көрініп тұр. Қазіргі фермерлер аз уақыттың ішінде пайда табу үшін көкөністерді өңдеуден өткізетіні түсінікті", — дейді Қасымов.