Жердің магнит өрісі зарядталған бөлшектердің турбулентті қозғалысы мен ядродағы конвекция ағындарының арқасында жұмыс істейді.
ERNUR.KZ. Франциядағы Гренобль-Альпі университетінің қызметкері Николас Гилл бастаған ғалымдар тобы жер бетінен шыққан жұмбақ сигналдарды тіркеді. Нақтыланғандай, бұл магниттік импульстар болып шықты, деп жазады Stan.kz.
Жердің магнит өрісі зарядталған бөлшектердің турбулентті қозғалысы мен ядродағы конвекция ағындарының арқасында жұмыс істейді. Жұмыс нәтижесінде мамандар біздің планетамыздың магнит өрісі әр жеті жыл сайын экватордың айналасында сағатына 1500 шақырым жылдамдықпен батысқа қарай жылжып келе жатқанын анықтады. Ол үшін ғалымдар 1999 жылдан 2021 жылға дейінгі геомагниттік өрістің спутниктер мен жер үсті обсерваториялары алған деректерін талдады.
Зерттеушілер бұған дейін стратификацияланған жыныстың жұқа қабаты сыртқы ядро мен жердің мантиясы арасындағы магнит өрісінде ығысулар тудыруы мүмкін деп сенген. Алайда Николас Гилленің жұмысы бұл өзгерістер тау жынысынсыз да болуы мүмкін екенін дәлелдеді.
2022 жылдың ақпан айында Қытай Ғылым академиясының геофизиктері жердің агрегаттық күйі мен ядро құрамын анықтады. Ол сұйық және қатты күйде екендігі белгілі болды.