Тараз – Талас – Сусамыр жол құрылысының үшінші кезеңі 2017 жылы тамыз айының соңында аяқталуы тиіс болған. Бірақ әртүрлі себептен жолды пайдалану 2018 жылға шегеріліп келді.
Қырғызстанда Тараз – Талас – Сусамыр жол құрылысы жобасы бойынша жол салып жатқан жұмысшылар ереуіл жасап жатыр. Олар төрт ай бойы кешіктіріліп келген жалақыларын беруді талап етіп отыр деп хабарлайдыАзаттықтың Қырғыз редакциясы.
“Қырғыз жол құрылысы” кәсіпорны директорының орынбасары Болотбек Сейдакматовтың айтуынша, ереуілдің жалғасып жатқанына бір апта болған. Оның айтуынша, шамамен 50 жұмысшы қарсылық ретінде жұмысын тоқтатқан.
Жұмысшыларға жалақы төлеуі тиіс негізгі мердігер – “Чакыр йапы Санайи ве Тижареттен” компаниясынан түсініктеме алудың сәті түспеді.
Тараз – Талас – Сусамыр жол құрылысының үшінші кезеңі 2017 жылы тамыз айының соңында аяқталуы тиіс болған. Бірақ әртүрлі себептен жолды пайдалану 2018 жылға шегеріліп келді.
Өткен жылы қыркүйек айында бұл автожолдың 87-ші шақырымында жұмыс істеген құрылысшылар жалақының кешіктірілуіне наразылық білдірген.