Жұлдызды жауын: бүгін Жер тұрғындары ерекше құбылысқа куә болады

0
1 909

Орионидтер – артынан із қалдыратын жылдам ақ түсті метеорлар.


Жұлдызды жауын: бүгін Жер тұрғындары ерекше құбылысқа куә болады

ERNUR.KZ. Бүгін Жер тұрғындары Орионид жұлдыздарының ағып түсуін тамашалай алады, деп жазады 24.kz.

Олар әсіресе бүгін, 21 қазанда және ертең көп мөлшерде жауады. Орионидтер – артынан із қалдыратын жылдам ақ түсті метеорлар.

Кейде олардың арасында түрлі-түстілері де болады: қызыл, көк-жасыл, сары. Метеорлардың жылдамдығы 66 км/с құрайды, олардың орташа жарықтығы шамамен + 2,5 м. Орионидтерді түн ортасынан таң атқанға дейін анық бақылауға болады.