Әйелі кезекті жұмыс сапарына кеткен күйеуінің үйлену тойының үстінен түсті.
ERNUR.KZ. Замбиялық ер адам әйеліне жұмыс мәселелерін шешу үшін жақын маңдағы қалаға кететінін айтқан. Алайда, кейін жары оның жұмыс сапарымен емес, үйленуге кеткенін білген, деп жазады Stan.kz.
Авраам Муюнда үйленген адам болғанына қарамастан, бірнеше ай бойы көрші қалада жас қызбен жақын қарым-қатынаста болған. Олардың махаббаты күшейгені соншалық, жұп некені рәсімдеуге шешім қабылдаған. Бірақ ер адам бірінші әйелімен ажырасқысы келмеген, сондықтан белгіленген күні ол әйеліне жұмыс сапарымен кететінін айтқан, ал шын мәнінде үйленуге барған. Алғашында әйелі ештеңеден күдіктенбеген, бірақ көршілері оның көзін ашқан.
Кетер алдында Авраам көршісіне өзінің жоспарлары туралы айтқан екен. Осылайша, қауесет оның әйеліне де жеткен. Әйел заттарын жинап, баласын алып, күйеуінің артынан кеткен.
Шіркеуде өтіп жатқан үйлену тойының үстінен түскен әйел көршілерінің шындықты айтқанына көз жеткізді: күйеуі ортаада қалыңдықпен бірге тұрды.
Африкалық әйел өзінің эмоциясын жасырмады, ғибадатханада жанжал шығарды.
Күйеуі жай ғана артына бұрылды, ал басқалары алданған әйелді тыныштандыруға тырысты. Ер адамды әйелінің жағдай алаңдатпаған секілді. Алайда, Замбия заңы бойынша, ол көп әйел алғаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, оның бірінші әйелінен үш баласы бар.
Айта кету керек, қалыңдық бәрін білген. Тіпті, ол рәсімге жұмсалған барлық шығындарды өз мойнына алған.