Гебрейесус ДДСҰ-ның басшысы болып 2017 жылы сайланған.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алда болатын сайлаудағы жалғыз кандидат болып тіркелді, деп жазады Stan.kz.
ДДСҰ-ның бас директоры қызметіне қайта ұсынылған Гебрейесустың кандидатурасын орындаушы комитет Женевада өтетін 150-ші сессия кезінде қарайды. Сайттағы ақпарат бойынша, шешім ассамблеяда 22-28 мамыр аралағында жасырын дауыс беру арқылы анықталуы тиіс.
Үміткерлер 2021 жылдың 23 қыркүйегіне дейін тіркелген. Гебрейесустың кандидатурасын ұйымға мүше 28 ел ұсынған. Олардың ішінде: Қазақстан, Австрия, Ирландия, Бахрейн, Барбадос, Дания, Индонезия, Хорватия, Ботсвана, Кука аралдары, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Венгрия, Испания, Кения, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Оман, Португалия, Руанда, Словакия, Швеция, Тонго, Тринидад пен Тобаго бар.
Айта кетейік, Гебрейесус ДДСҰ-ның басшысы болып 2017 жылы сайланған.
Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның құдасы болып шықты. Танымал ақынның жиені эфиопиялық азаматқа осыдан 5 жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Ал ол жиенінің әкесі Дәулет Тұрлыханов екені анықталды.