Жүз жылдан соң жәндіктер жойылып кетуі мүмкін

0
5 801

Зерттеу бойынша, жәндіктер биомассасы жыл сайын 2,5 есеге азайып жатыр екен.


Жүз жылдан соң жәндіктер жойылып кетуі мүмкін

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Бүгінде бүкіл әлем бойынша жәндіктердің азайып жатқанын байқауға болады. Егер бұл құбылысты тоқтата алмасақ, оның салдары үлкен апатқа әкелуі мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

The Guardian басылымының жазуынша, ғалымдар мұндай қорытындыға келу үшін көптеген зерттеулер жүргізген.

«Сидней университетінде австралиялық эколог Франциско Санчез-Байоның басшылығымен ғалымдар жәндіктер санының азаюына қатысты 73 зерттеуге анализ жасаған. Ғалымдардың айтуынша, жәндік түрлерінің жартысы азайып, ал үштен бірі жойылу алдында тұр. Зерттеуде жәндіктер биомассасы жыл сайын 2,5 есе кемитіні жазылған. Мұндай қарқынмен жәндіктер жүз жылдан соң жойылып кетеді», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, адамдардың жәндікке жаны ашымайды.

«Адамдар құрт-құмырсқаларға келгенде тыжырынады, олардың неғұрлым аз болғаны жақсы деп ойлайды. Бірақ тұтастай бір экологиялық жүйенің күйреп жатқаны өте қауіпті» деп жазады автор.