Бағдарлама бойынша тұрғындар қандай үйді сатып ала алады?
Шымкентте "2-10-20" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін өтінімдер 18 мамырдан бастап қабылданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде тұрғын үйді сатып алуға кредит беру жолдары қарастырылған.
18-30 мамыр аралығында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «2-10-20» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге ақпараттық жүйелер арқылы "Shymkent-baspana.kz" сайтында тәулік бойы өтінімдер қабылдайды.
Кредит беру талаптары:
Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама аясында көп қабатты жəне жер үйді алуға да мүмкіндік бар. Яғни, Шымкент қаласында құны 15 млн теңгеге дейінгі баспананы ала аласыз.
Ал, ТҮҚЖБ Шымкент филиалының бөлім басшысы Нұрлан Сұлтановтың айтуынша, сатып алатын үйге қойылатын талаптар да бар.
* Сіз сатып алатын үйдің бой көтерген мерзімі 50 жылдан аспауы қажет.
* Егер жер үй қабырғасы кірпіш, шлакаблок, газоблок материалдарынан салынған болса - оның құрылғанына да 50 жылдан аспауы тиіс.
* Ал, саманнан не болмаса лай қыштан салынған болса, 15 жылдан аспауы қажет. Өйткені, сақтандыру компаниялары үйді сақтандыру кезеңінде лай қыштан салынған үйді кемі құрылғанына 15 жыл болған үйлерді сақтандырады. Сондықтан мамандар лай қыштан салынған үй болса, 2005 жылдан бергі баспаналарды алуға кеңес береді.
Толық ақпаратты және қажетті қосымша кеңестерді тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының call-орталығынан алуға болады.
Байланыс телефоны – 39-23-68.