Ауру белгісі жоқ КВИ жұқтырған адам қаншалықты қауіпті

0
1 045

Елімізде коронавирус белгілері жоқ 1357 науқас тіркелген.


Ауру белгісі жоқ КВИ жұқтырған адам қаншалықты қауіпті

ERNUR.KZ. Жаңа коронавирусты зерттеу инфекциямен күресуге немесе оны таратуға қандай шаралар ықпал ететінін анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Ал белгілері жоқ КВИ жұқтырған адамдар қаншалықты қауіпті? Бұл сұраққа мамандар жауап берді, деп жазады kaz.nur.kz.

DW журналистері белгілері жоқ пациенттер жайлы түрлі деректер жинады. Эпидемиологтар пікірінше, олар ауруды көп адамға жұқтыруы мүмкін.

Ең қауіптісі, адам өзінің коронавирус жұқтырғанын білмейді. Мамандардың айтуынша, бұл ретте адамдардың иммунды жүйесі маңызды рөл атқарады, ал адамның жасы, жынысы немесе ұлты белгісі жоқ аурудың дамуына әсер етпейді.

Белгілері жоқ пациенттер ешқандай күдіксіз басқаларға дерт жұқтырады. Бір адам тығыз байланыс жасау арқылы бірнеше адамды ауру арбауына түсіруі мүмкін.

Зерттеушілер коронавирус жұқтыруға ең қолайлы орта адамдар көп жиналатын шаралар деп есептейді. Мұндай жағдайлар еуропалық қалаларда, мысалы отбасылық мерекелерде немесе құдайға мінәжат ету шараларында болған.

Жабық орындарда инфекция жұқтыру қаупі көбірек. Адам көп болған сайын КВИ қабылдау деңгейі де артады.

Ғалымдар оның ауа-тамшы жолмен берілетінін, бірақ ауа арқылы вирус әлдеқайда тиімді таралатынын атап өтті. Нашар желдетілетін ғимараттардағы ауада вирус көп қалады. Ал таза ауада жұқтыру мүмкіндігі азаяды.

Айта кетейік, 2020 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус инфекциясының белгілері жоқ 313 тасымалдаушы тіркелді.